Алдағы уақытта көптеген мамандықтардың мәні концептуалды түрде үлкен өзгерістерге ұшырайды. Яғни, технологияның дамуы бүкіл әлемдегі жұмыс орындарының 40 пайызына әсер етеді. Халықаралық валюта қоры осылай деп болжап отыр. Қазірдің өзінде еліміздегі әрбір бесінші түлек мамандық бойынша жұмыс істемейді екен. Бұл туралы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев парламенттік тыңдауда мәлімдеп, елдегі білім берудің еңбек нарығының талаптарына сай болу керек екенін айтты.