Түркістан облысында жердің тоңы жібіп, көктемнің алғашқы гүлі бүр жарды. Айнала жасыл желекке оранғалы тұр. Ал мұндайда жергілікті халықтың малы төлдеп, аузы аққа ілінеді. Біздің түсірілім тобы ауылдағы ағайынның осы бір қуанышты сәтіне куә болып қайтты.