Қазақстанда ақпан айында 17 есірткі зертханасы жойылды. 19 күдікті ұсталып, заңсыз айналымнан 80 келіге жуық есірткі заты тәркіленді. Мәселен, Қызылорда облысында 46 жастағы ер адам жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырып, ірі көлемде элиталық сұрыптағы қарасораны заңсыз өсірген. Оны құрылысы бітпгене үйінде сақтап, сатуды жоспарлаған. Арнайы операция нәтижесінде фитозертханадан 19 келіден аса «голландтық қарасора» тәркіленді.Ал жыл басынан бері елімізде барлығы 42 есірткі зертханасы жойылып, 45 күдікті ұсталған.