Қазақстандағы жаппай тәртіпсіздіктен соң тыйым салынған діни ағымдардың 35 мүшесі тұтқындалды. Бұл туралы арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров хабарлады. Оның айтуынша қолға түскендерден қолдануға дайын атыс қарулары табылған. Сондай-ақ қақтығыс кезінде 467 адам қамауға алынған. Олардың арасында 2 әйел мен кәмелетке толмаған 10 жеткіншек бар.