"Декретке миллионмен" шыққан келіншектерге тықыр таянды. Енді әлеуметтік төлемдерді жасанды түрде арттыруға тырысқан азаматтарға қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Мәселен, былтыр 113 жүкті әйелдің заңсыз жолмен алған төлем сомасы 158 млнға жеткен. Сондай-ақ, қыркүйектен бері 1,5 мыңға жуық азамат өз еркімен табысын жасанды түрде көбейткенін мойындап, мемлекетке 3,4 млрд теңгені қайтарған.