Түркістан
EN

Байқоңырдан жүк кемесі ұшырылды

49
28.02.2025

Байқоңыр ғарыш айлағынан "Прогресс" жүк кемесі ұшырылды. Ғарыштық жүк көлігі Халықаралық ғарыш станциясына жанармай, су, азық-түлік, ғылыми эксперимент жабдықтары мен экипаждың тіршілігін қамтамасыз ететін 2,6 тоннаға жуық жүк жеткізеді. Сондай-ақ, станция бортына ғарышта жұмыс істеуге арналған скафандрдың жаңа түрі жіберілді. Кеменің ұшуы екі күндік схема бойынша жүреді. Осы уақыт ішінде ол жерді 34 рет айналып өтіп, 2 наурызда Халықаралық Ғарыш Станциясына қосылады. Бүкіл миссия 193 күнге созылады.