Түркістанға Түркияның беделді медиакомпанияларының бірі "Албайрак" медиа груптың өкілдері келді. Бауырлас мемлекеттен келген ақпарат саласының өкілдері 2 күн бойы Түркістан облысындағы тарихи-мәдени жерлермен танысады. Кеше олар облыс орталығындағы нысандарды көрді, сондай-ақ «Алатау медиа холдингіне» келіп Түркістан телеарнасының базасымен танысты. Айта кетейік, Албайрак груп медиа компаниясына газет, телеарна, порталдар кіреді.