Түркістан
EN

Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады

35
28.02.2025

Жамбыл облысында қуаты 3 млн тонна болат өндіретін металлургия комбинаты салынады. Жобаның жай жапсарын талқылау мақсатында Премьер-министр Олжас Бектенов қытайлық Fujian Hengwang Investment компаниясының басшылығымен кездесті. Қытайлық инвестор жобаға $1,2 млрд доллар қаржы құюға ниетті. Комбинат іске қосылса 2,5 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Құрылыс 2025 жылдың сәуір айында Jibek Joly арнайы экономикалық аймағы аумағында басталады деп жоспарланған.Үкімет басшысы  аталған жоба отандық металлургияны дамытуға, өндіріс қуатын арттыруға және еліміздің экспорттық әлеуетін кеңейтуге маңызды қадам болатынын атап өтті.