Түркістан
EN

Су тасқынына қарсы дайындықтар пысықталды

76
27.02.2025

Түркістан облысында көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар қарқынды. Өңірдегі 68 шақырым қашыртқы арналар механикалық тазалаудан өтіп, арық-атыздар қоқыстан тазартылды. Сондай-ақ, аймақтағы ірі су қоймаларындағы су деңгейі тұрақты бақылауда. Биыл қар аз жауып әрі жердің тоң ертерек жібігендіктен, мамандар жауын-шаныннан келер қауіп жоқ деп отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында облыстық төтенше жағдайлар департаменті төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы айтты.