Мыңдаған тұрғын ауыз суды көшедегі құдықтан ішуге мәжбүр. Қызылорда облысынан сайланған Сенат депутат Руслан Рүстемов осылай деп дабыл қақты. Айтуынша, өңірде түйіні тарқатылмай тұрған мәселелер жетерлік. Мәселен, 23 ауылдық елді мекен күні бүгінге дейін орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылмаған. Сенатордың айтуынша, Арал ауданына қарасты бірнеше елді мекендерді топтық су құбырына қосу жұмыстары жүзеге асырылуда. Алайда, аталған жобалардың құрылысы 2021 жылы басталған. Созбалаңға салынған жұмыстар әлі күнге дейін аяқталмапты.