Темір тұлпар тізгіндеймін дейтіндерге жағымды жаңалық. Биыл автонесие алу оңайға түспек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаулы қабылдады. Соған сай автонесие беру шарттары жеңілдейді. Енді көлік сатып алу кезінде бұрынғыдай қарыз жүктемесі есепке алынбайды, демек табысы төмен азаматтар да көлік тізгіндей алады. Ескі автокөлік құнының 50 пайыз бастапқы жарнасын, үш жылға дейін пайдаланылған «темір тұлпар» құнының 30-50 пайыз бастапқы жарнасын төлесеңіз де, осы мүмкіндікті пайдалануға болады. Айта кетейік, Қаулы күші 2027 жылға дейін ғана жарамды.