Бір айда жүзден астам мал ұрлағандар ұсталды. Тәртіп сақшылары Алматы облысында мал барымталаумен айналысып келген үш бірдей қылмыстық топты құрықтады. Жалпы 10 адамға айып тағылса, оның тоғызы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сондай-ақ осы облыста Кеген ауданында жылқы ұрлап сатуды кәсіп еткен 35 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол тоғыз тұлпарды қолды етіп, үшінші тұлғаларға қайта сатқан. Малды алушылар осы деректі растағаннан кейін, күдікті өз кінәсін мойындады. Жалпы шығын 4 миллион теңгеден асады.