Түркістанда бес жұлдызды қонақ үй кешені мен аквапарк құрылысы басталды. Аталған жобаның келетін туристер саны жыл сайын артып келе жатқан рухани шаһар үшін маңызы зор. Сондықтан өңір басшысы Нұралхан Көшеров қытайлық инвесторлармен кездесті. Онда бірқатар маңызды жобалардың жүзеге асу барысы талқыланды. Бүгінде екіжақты қатынастар экономика, сауда, білім беру, ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылым салаларында жүйелі жүзеге асуда. Кездесу барысында пилоттық жоба ретінде бірқатар ұсыныстар айтылды.