Түркістан
EN

Түркістандағы индустриалды аймақтың жабдықтары ұрланған

108
26.02.2025

Түлкібас ауданында 2014 жылы құрылған индустриалды аймақ әлі күнге дейін бос тұр. Оған себеп – инфрақұрылым объектісіндегі 35 кВт қосалқы электр стансасы модульдік құрылғысының ұрлануы. Бұл туралы индустриалды аймақтарды басқарушы компания өкілі Шері Қалыбек айтты. Айтуынша, 10 жылдан бері бос тұрған аймақта көп ұзамай өндіріс орны бой көтереді. Қосалқы станцияны қалпына келтіру үшін, аудандық бюджеттен 68,8 млн теңге бөлініпті.