Енді балабақшадағы 6 жасқа толған балаларды мектепке барғанша бақшада қалдыруға рұқсат етілмек. Заң жобасы бүгін мәжіліс отырысының бірінші оқылымында көтерілді. Депутат Асхат Аймағамбетов баланы оқу жылы басталғанға дейін балабақшадан шығару – ата-аналар үшін қиындық тудыратынын айтады.