Елімізде демалыс күндері ақтүтек боран соғып, бірқатар республикалық және облыстық маңызы бар жолдар жабылды. Шығыс Қазақстан мен Жамбыл, Қостанай және Түркістан облыстарында қар құрсауынан 77 адам құтқарылды. Олардың арасында 4 бала бар. Мамандардың сөзінше, жолаушылардың көпшілігі ескертулерге құлақ аспай алыс жолға шығып кеткен.