Түркістанда «Бизнеске жол» жобасы аясында 26 мыңнан астам кәсіпкердің құқығы қорғалды. Аталған мәселе облыстық "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлік палатасында өткен жиында айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Мұрат Төлеубаев «Бизнеске жол» жобасы аясында бірқатар мәселелердің шешілгенін атап өтті. Сондай-ақ жеке кәсіпкерлердің де мұң-мұқтажын тыңдады.