Елімізде «Мың бала» ұлттық олимпиадасы бастау алды. Осыған орай Түркістан облысының 150-ден аса мектеп директорлары мен оқу ісі жөніндегі меңгерушілеріне жобаның таныстырылымы өтті. 6-сынып оқушыларына арналған білім бәйгесі биыл алтыншы мәрте өткелі отыр. Мақсат-ауылдық жерлердегі дарынды балаларды қолдау, үздік білім ордаларына түсулеріне мүмкіндік беру. «Мың бала» олимпиадасына тіркелу 10 ақпан мен 10 наурыз аралығында 1000bala.elumiti.kz сайтында өтеді, қатысу-тегін.