Енді АҚШ Украинада пайдалы қазба өндіре бастайды. Есесіне, Вашингтон Киевке әскери көмек бере бермек. Сирек кездесетін металдар әсіресе жоғары технология, әскери өнеркәсіп және жасыл энергетика саласында кеңінен қолданылады. Бұл келісімге келу оңай болған жоқ. Трамп әкімшілігі Украинадан 500 миллиард доллардың шикізатын өндіруге ниетті екендерін білдірді. Алайда Владимир Зеленский оған үзілді-кесілді қарсы болды. Содан соң екі жақ оны қайта қарап, Украинаның мүддесіне қайшы келмейтіндей ортақ мәмілеге келді. Жаңа келісім бойынша Украина мен АҚШ сирек кездесетін металдардан түскен қаржыны арнайы қор құрып, пайданың 50%-ын соған құюға уағдаласты.