Түркістан
EN

ЖИ сот орындаушының жұмысын жеңілдетеді

34
26.02.2025

Мемлекеттік аппараттағы артық адамдарды цифрландыру арқылы қысқарту керек. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов осылай деді. Ал  әділет министрі Ерлан Сәрсембаев мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруда цифрландырудың маңызы жөнінде баяндама жасады. Сондай-ақ, ведомствода аталған мақсатта атқарылып жатқан жұмыстардың бірқатарына тоқталды. Мәселен, қазіргі уақытта сот орындаушысының Роботы арқылы жеңілдетілген өндірісті дамыту жалғасуда. Робот арқылы өндіріп алу сомасын 20 Айлық есептік көрсеткіштен 40 Айлық есептік көрсеткішке дейін көбейту жоспарлануда, бұл азаматтардың өз қаражатын үнемдеуіне мүмкіндік береді.