Түркістан
EN

Оқушыны аяусыз ұрып-соққан жасөспірімдердің әке-шешесі ата-ана құқығынан айырылды

30
26.02.2025

Семейде 6-сынып оқушысын соққыға жыққан 3 баланың әке-шешесі ата-аналық құқығынан айырылды. Оқиғаға қатысты кәмелет жасқа толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысы өтіп, онда бұзақы балаларды арнайы мектепке ауыстыру туралы шешім шығарылды. Онда балалар қоғамнан оқшауланып, психологтармен жұмыс істейді. Комиссия шешімі енді облыстық сотқа жолданады. Қазір балаларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Еске сала кетейік, Семейде бір топ жасөспірім баланы тепкілеп, басынан ұрып, үстіне секірген. Онымен қоймай, оқиғаның видеосын әлеуметтік желіде жариялаған еді.