Түркістан
EN

Түркістан облысына 1182 этникалық қазақ көшіп келді

86
25.02.2025

Былтырдан бері Түркістан облысына 600-ден аса шаңырақ этникалық қазақ қоныс аударып, оларға «Қандас» мәртебесі берілген. Оның ішінде: Өзбекстаннан – 1141, Тәжікстаннан – 30 және  басқа мемлекеттерден – 11 адам келді. Қоныс аударған қазақтардың басым көпшілігі отбасын біріктіру мақсатында келгендіктен, олар негізінен шекара маңындағы елдімекендерге тұрақтаған. Аудандар қатарында: Сарыағаш, Ордабасы, Қазығұрт, Келес, Сайрам, Мақтаарал ауданы мен Түркістан қаласы бар.