Жемқорлардан тәркіленген қаражатқа 28 жаңа мектеп салынады. Онда 22 мың оқушы білім алады. Бұл - Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында іске аспақ. 2024 жылы 25 мектеп салынған. Олардың басым бөлігі Астана қаласында, және Маңғыстау, Алматы, Жамбыл облыстарында орналасқан. Барлық білім беру ұйымдары заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Бүгінгі таңда 74 мың орындық 61 мектеп пайдалануға берілсе, оның 29-ы ауылдық елді мекендерде орналасқан.