Түркістан
EN

Үкімет резервінен шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

29
25.02.2025

Үкімет резервінен отандық шаруаларды қолдау үшін 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Премьер-министр Олжас Бектенов тиісті қаулыға қол қойды. Бұл қаражат көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарын сапалы жүргізуге жұмсалады. Сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу көзделеді. Еске сала кетейік, Үкімет көктемгі егіс және жиын-терім жұмыстарына қаржыландыру көлемін арттыру мақсатында алғашқы 100 млрд теңгені 2024 жылдың желтоқсанында бөлген болатын.