Түркістан
EN

«Taza Qazaqstan» платформасы сәтті іске асырылуда

57
25.02.2025

Түркістан облысында «Taza Qazaqstan» ақпараттық жүйесі сәтті іске асырылып жатыр. Өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде бағдаралама аясында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың мәлімдеуінше, бүгінге дейін «Taza Qazaqstan» ақпараттық жүйесіне 1 297 өтінім түсіп, соның 1 252-сі орындалса, 45 өтінім орындалу үстінде екен.