Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан 3 адам қаза тапты. Қайғылы жағдай «Казталовка - Жәнібек» тас жолының 111-шақырымында болды. Ford Focus жүргізушісі жүк көлігін басып озбақ болып, қарсы бағытқа шығады. Алайда Chevrolet Cobalt автокөлігімен бетпе-бет соғысып, салдарынан екі көліктің жүргізушісі және мен Chevrolet Cobalt-тың бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмған. Тағы төрт жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.