Түркістан
EN

Отырар ауданда жерді айдау кезінде табылған сүйектер мұсылмандық рәсіммен қайта жерленді

177
21.02.2025

Түркістан облысының Отырар ауданында көктемгі егіс жұмыстарына жер жырту барысында адам сүйектері табылды. Шаруалардың айтуынша, дайындық жұмыстарын жүргізу кезінде жер бедері біркелкі тегіс болған. Сондай-ақ, қорым немесе адам жерленгені туралы ешқандай да белгі орнатылмапты. Аталған жайттың анық-қанығын білу үшін  аудан әкімдігі жанынан жұмысшы топ құрылып, бүгінде аталған орыннан табылған адам сүйектері мұсылмандық рәсіммен қайта жерленіп, белгі қойылған. Оған қоса аумақ толықтай қоршалды.