Жуырда «Түркістанға ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы Парламенттің қос палатасы Мәжіліс пен Сенаттан қолдау тауып, Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылды. Жаңа құжат бойынша рухани шаһарда енді не өзгермек? Облыс әкімі Нұралхан Көшеров арнайы мәжіліс өткізіп, жауаптылармен бірге қаланы дамыту жоспарын талқылады. Жиында қала әкімі заң жобасының іске асырылуы және өтетін іс-шаралар туралы баяндады.