Қауіпті орындарда жұмыс істейтін азаматтардың жағдайы басты назарда болмақ. Премьер-министр Олжас Бектенов еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жиын өткізді. Ірі кәсіпорындарда қауіпсіздік нормаларының сақталуын тексеруді Мемлекет басшысы жүктеген болатын. Қазіргі таңда саладағы кей құқықтық нормалар қайта қаралып жатыр. Осыған орай, енді мемлекеттік еңбек инспекторының құзыреті кеңейеді. Өндіріс орындарындағы қауіпсіздік нысандарының электронды паспорты жасалып, бірыңғай ақпараттық жүйесі іске қосылады. Сондай-ақ жабдықтарды жаңарту және жаңғырту бойынша нысан иелеріне талап күшейеді.