Елімізде кейінгі екі жылда 80, ал он жылда 572 ауыл картадан жойылған. Өткен жылы ауылдардан 111 мыңнан аса адам көшіп кеткен. Тек Түркістан облысының елдімекендерінің өзінен 30 мың азамат қалаға қоныс аударған. Мәселені Мәжілістегі дөңгелек үстелде депутат Жигули Дайрабаев көтеріп, ауылдарды, оның ішінде шекара маңындағы елдімекендерді дамыту үшін нақты шешімдер қажет екенін айтты. Айта кетсек, 2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республика көлемінде 6147 ауыл бар.