Шымкентте зейнеткерден 46 млн теңге жымқырған алаяқтар қамауға алынды. 69 жастағы қала тұрғыны "ұялы байланыс операторларынан" SIM-картасының мерзімі аяқталғаны туралы қоңырау қабылдаған. Біраз уақыттан кейін жәбірленушіге "құқық қорғау органдарынан" хабарласып, шотында күмәнді операциялар басталғанын және алдыңғы қоңырау шалғандар алаяқтар екенін жеткізіпті. Зейнеткерге шоттағы ақшасын сақтап қалуы үшін оны түгел шешіп алып, белгіленген орынға тастап кетуі қажеттігін айтқан. Алаяқтар осылайша арам ойларын іске асырып, 46 млн теңгені қалтаға басқан. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.