Түркістан
EN

Отбасының цифрлық картасы деректерін өзектендіру жұмыстары пысықталды

112
21.02.2025

Түркістан облысында өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылар мен жекелеген азаматтарды жұмысқа орналасу, кәсіпкерлік қызметке тарту, кәсіби дағдыларды игеру сияқты мемлекеттік қолдаулар көрсетіліп келеді. Осы бағыттағы атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында кеңінен талқыланды. Облыс әкімі жауапты тұлғаларға өзектендіруге жататын азаматтарды анықтап, тиісті шаралар жүргізуді тапсырды. Аудан, қала, ауыл әкімдері мен жауапты бөлімдерге нақты алгоритм ұсынуды жүктеді. Жұмыс орындарын көбейту, инвестиция тарту, өзіндік кірістерді ұлғайту, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға басымдық беру керектігін ескертті.