Түркістан музыкалық-драма театрында премьера! Көрермен назарына парсы-тәжік туындысы «Шейх Санон Фатум» спектаклін ұсынады. Қойылым ұзақ жылдар бойы тақуалық жолында жүріп, өзге дінді ұстанушы аруға ессіз ғашық болған шейх туралы болмақ. Спектакль 21 -22 ақпан күндері сахналанады. Қоюшы режиссер белгілі тәжікстандық драматург Барзу Абдураззоков. Ал, басты рөлді театр әртісі – Әли Марат сомдайды. Оның айтуынша, бұл хикая көрерменді өмір мен сенімнің шынайы мәнін іздеуге шақырады.