Былтыр 1,85 трлн теңгеге 230 инвестициялық жоба пайдалануға берілген. Бұл туралы үкіметтегі кеңесте айтылды. Биыл агроөнеркәсіптік кешенді, энергетика мен өнеркәсіпті және экономиканың негізгі салаларын қамтитын 20 стратегиялық жоба нақтыланған. Қазір олардың жобалау-сметалық құжаты әзірленіп жатыр. Үкімет басшысының сөзінше, бүгінде әкімдіктер өңірлердің экономикалық әлеуетін жеткілікті деңгейде пайдаланбай отыр. Сондықтан енді инвестиция тарту әкімдер мен министрлердің басты міндеті болмақ. Сондай-ақ кеңес барысында бірқатар түйткілді проблемалар айтылды. Олардың қатарында инфрақұрылымның тапшылығы, күрделі әкімшілік рәсімдер мен жер телімдерін берудің ұзақ мерзімдері бар.