19 ғасырда салынған су диірмені күні бүгінге дейін жұмыс істейді. Оны Сауран ауданы Көксарай елді мекеніндегі егде жастағы ерлі-зайыптылар жүргізіп отыр. Сан ғасырлық ғимарат, оны қолдану технологиясы барлығы атадан балаға қалған мұра. Біздің түсірілім көненің көзін көріп қайту үшін жол жүрген еді.