Биыл Түркістан облысында 142 жоба іске асады. Ол үшін 182 млрд теңге инвистиция тарту көзделген. Қаржының басым бөлігі газ трубиналы электр станциясын салуға жұмсалмақ. Нәтижесінде Кентау қаласындағы жылу электр орталығы кеңейіп, 240 мвт электр энергиясын өндіреді деп күтілуде. Жоба мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы қолға алынады. Бұл туралы облыстық мәслихаттың он бесінші сессиясында айтылды.