Түркістан
EN

1,2 млрд қаржы тәркіленді

53
20.02.2025

Тұтыну кооперативінің атын жамылған тағы бір қаржы пирамидасының қызметі тоқталыды. «Асар баспана» деп аталатын ұйым салымшыларға жылжымайтын мүлік, көлік құралдарын, тұрмыстық техника сатып алуға қаржы салуды ұсынған. Ал, қарымына ай сайын салынған соманың 30 пайызына дейін пайда табатындығына сендірген. Компанияның кеңселеріне толықтай тінту жүргізілді. Нәтижесінде 1,2 млрд теңгеден астам қолма-қол қаржы және 13 автокөлік тәркіленді.