Түркістан облысында 15 адамды алдап, 20 млн теңге алған банк қызметкері ұсталды. Алғашында Қазығұрт ауданының тұрғыны алаяққа алданғаны туралы арызданған екен. Онда белгісіз азамат үйіне келіп, тұрғынды зейнетке шығарып беретінін айтып, жеке куәлігін ұялы телефонына бірнеше рет суретке түсірген.