Ұлттық ұлан Астанадағы Жеңіс шеруіне қызу дайындыққа кірісті. Жеңіс шеруіне 400-ден астам әскери қызметші қатыспақ. Шеруде ұлттық ұланнан әскери қызметшілерден тұратын екі колонна сап түзейді. Сондай -ақ, 17 бірлік әскери техника да жұмылдырылады. Биылғы шерудің ерекшелігі – сап түзеген колонналар әскери жылдардағы киім үлгісінде болмақ. Сондай-ақ алғаш рет Қазақстан аумағында құрылған әскери бөлімдер жауынгерлік туларын салтанатты алып өтеді. Жалпы, шеруге 4,5 мың адам қатысады.