Мемлекет жұмыс орындарын субсидялауды жалғастырады. Өткен жылы дәл осы әдіспен Түркістан облысында 33 мың азамат тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал биыл аталған мақсатқа ел қазынасынан 32 млрд 679 млн.теңге қаралмақ. Жұмыспен қамту мәселесі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында жан-жақты талқыланып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктелді.