Түркістан
EN

Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына барды

57
19.02.2025

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иордан Хашимит корольдігіне ресми сапармен барды. Мәртебелі мейманның құрметіне Әл-Хусейния сарайы алдындағы алаңда Құрмет қарауылы сап түзеп, әскери оркестр Қазақстан мен Иорданияның мемлекеттік әнұрандарын орындады. Жалпы ресми сапар барында екі ел басшылары кең құрамда келіссөздер жүргізіп, бірқатар құжатқа қол қояды деп жоспарланған. Күн тәртібіндегі басты тақырыптар – экономикалық әріптестікті кеңейту мен мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету. Екі ел географиялық тұрғыда алшақ орналасқан. Ең жақын нүктелерінің арасы 3 мың шақырымнан асады. Сол себепті бүгінгі таңда сауда көлемі көп емес. Дегенмен тұрақты өсім бар. Былтыр 11 айда тауар айналымы 6 млн долларға жетіп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға өскен.