Түркістан облысындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептердің құрылысы жоспардан қалып келеді. Өткен жылы кірпіші қаланып, құрылысы қарқын алған білім ошақтарының жұмысы кешуілдеп жатыр. Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттары айтты. Жиында одан бөлек құрылыс, денсаулық сақтау, энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және білім салаларына қатысты өзекті мәселелер қозғалды. Депутаттарды аудандардағы 3 ауысымды мектептің халі мен стандарттық жүйеге сай емес білім орындарының жағдайы алаңдатты.