Түркістан
EN

Түркістан облысында алғаш рет бауыр трансплантациясы өтті

135
18.02.2025

Түркістан облысында алғаш рет бауыр трансплантациясы жасалды. 48 жастағы Ульяна Нурметоваға жасалған күрделі ота сәтті өтті. Науқасқа 2019 жылы бауыр циррозы диагнозы қойылған. Содан бері Сауран ауданының тұрғыны ауруына ем іздеп, талай ем-шара қабылдады. Алайда дерттен айықтырар жалғыз жол - бауыр трансплантациясы. Сондықтан  науқастың 19 жастағы қызы Эльвира Сахавитдинова анасына донор болуға шешім қабылдаған.