Енді Түркістан облысындағы жол сапасын жақсарту үшін жаңа технологиялар қолданылады. Ол үшін Астанадан бірнеше компания өкілдері келіп, жол саласының қызметкерлерімен кездесті. Мамандар аяқталған жолдардың кем кетігін өз өнімдері арқылы қалыпқа келтірмек. Өйткені өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірдегі жолдардың жағдай мәз емес.