Түркістан
EN

Ел мерейін үстем еткен шорт-трекшілерді жанкүйерлер қарсы алды

116
18.02.2025

Азия ойындарында ел мерейін үстем еткен шорт-трекшілерімізді жанкүйерлер салтанатты түрде қарсы алды. Жеңімпаздар қатарында Ұлттық ұлан спорттық командасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Абзал Әжғалиевте бар. Айта кетсек, 7-14 ақпан күндері өткен Харбиндегі қысқы Азия ойындары қазақ шорт-трекшілері үшін алтын әріппен жазылар сәт болды. 30 жылға жуық уақытта бұйырмаған Азиаданың алтыны ерлер құрамасының еншісіне тиді. Жалпы қысқы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алып, тарихи жетістікке қол жеткізді.