Қожа Ахмет Ясауи университетінде тарих ғылымдарының докторы, профессор Сейітхали Мадуанұлы атындағы дәрісхана ашылды. Тұлғаның есімі ұлықталған жиынға ғалымның әріптестері, қоғам қайраткерлері мен отбасы мүшелері қатысты. Олар жиылған жұртқа ғалымның ғылым жолындағы мұраларын айтып, түрлі естеліктерімен бөлісті.