Түркістан
EN

Түркістан облысында 1,3 миллионға жуық ағаш егіледі

87
18.02.2025

Биыл Түркістан облысында 1 млн 300 мыңға жуық ағаш егіледі. Оның тең жартысын көктемде отырғызу жоспарланып отыр. Тал егу жұмыстары ақпан айының соңында басталмақ. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде айтылды. Жиында өңір басшысы «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, тазалық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.