Интернет-алаяқтықпен айналысқан трансұлттық қылмыстық топ Арменияда ұсталды. Қазақстан мен Арменияның киберқылмысқа қарсы іс-қимыл қызметкерлері жедел іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде Ереванда алаяқтардың екі call-орталығының әрекетіне тосқауыл қойды. Арнайы операция кезінде Армения, Грузия, Иран, Сирия және Ливан азаматтарынан құралған қылмыстық топтың 41 мүшесі ұсталды. Қазіргі уақытта армян тарапы Қазақстан ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментімен бірлесіп, тергеу әрекеттерін және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.