Түркістан
EN

Шахтадағы апат: Үкіметтік комиссия құрылды

53
18.02.2025

17 ақпанда шахтада қалып қойған 7 кеншінің сүйегі табылды. Ұлытау облысында «Қазақмыс» корпорациясына қарасты «Жомарт» кенішінде шахта опырылып құлаған еді. Онда 7 кенші қалып қойып, олармен байланыс орнатуға жерасты кабелінің үзіліп қалуынан мүмкіндік болмаған. Өкінішке қарай, бірер сағат бұрын жеті кеншінің де тек сүйегі табылды. «Қазақмыс» корпорациясының хабарлауынша, апатқа табиғи газдың жарылысы болуы мүмкін. Қазір премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасы бойынша шахтаның опырылуы себептерін анықтау және зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссия құрылды.