Төлеби ауданында 3 күн бойы құсбегілер сайысы өтті. Жасөспірімдер мен жастар арасындағы бәсекеге бабалар ізін жалғаған 70-тен астам құс баптаушылар жиналды. Олар еліміздің 9 облысы мен 3 қаласынан келген. Бекзада өнер біріншілігі қалай өтті? Бұл туралы алғыр қырандарды өз көзімен көріп қайтқан Бақдәулет Анарбай баяндасын.